Құрметті әріптестер, кәсіподақ қозғалысының көшбасшылары мен ардагерлері!

        Сіздерді «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» Қазақстандық тау-кен металлургия салалық кәсіподағы» ҚБ атынан және жеке өз атымнан ортақ мереке – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары күнімен құттықтаймын!

         Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының тарихы бай, тамыры терең. Оның бастауы тау-кен металлургия өнеркәсібінің пайда болуымен және дамуымен тікелей байланысты.

        Осы күні күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін жоғары кәсіби деңгейде қорғап жүрген салалық кәсіподақ ұйымының көшбасшылары мен белсенділерін ерекше атап өткім келеді. Сіздердің табандылықтарыңыз, өмірлік ұстанымдарыңыз бен еңбекқорлықтарыңыздың арқасында кәсіпорындарда әлеуметтік әріптестікті дамыту мен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуда оң нәтижелерге қол жеткізілуде. Сіздердің сан қырлы қызметтеріңіз шынайы құрмет пен алғысқа лайық – бұл қоғам игілігі жолындағы орасан зор еңбек.

         Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, отбасылық амандық, жаңа кәсіби жеңістер, жеке табыстар мен өркендеу тілеймін!

Уважаемые коллеги, активисты и ветераны профсоюзного движения!

      От имени ОО «Казахстанский отраслевой горно-металлургический профессиональный союз «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» и от себя лично поздравляю вас с праздником — Днем профессиональных союзов Республики Казахстан!

       Профсоюзное движение Казахстана имеет богатую историю, истоки которой связаны с зарождением и становлением горнодобывающей и металлургической отраслей промышленности.

       В этот знаменательный день особо хотел бы отметить профсоюзных лидеров и активистов Отраслевого профсоюза, которые в непростых социально-экономических реалиях на высоком профессиональном уровне ведут работу по защите законных прав и интересов работников. Благодаря вашей настойчивости и усердию достигаются позитивные результаты в развитии социального партнерства, укреплении социальной стабильности на предприятиях. Вся ваша многогранная деятельность заслуживает искреннего уважения и благодарности — это огромный труд на благо общества.

       От всей души желаю вам крепкого здоровья, семейного благополучия, новых профессиональных побед, личных успехов и процветания!

 Төраға                                                                          А. Нұралин

Comments are disabled.