Құрметті әріптестер, достар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Батырлықты, ерлікті, қайсарлықты бейнелейтін бұл күн егемен еліміз үшін ерекше маңызды. Тарихымыздың әртүрлі кезеңдерінде туған жерінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған азаматтарымыздың ерен еңбегі әрқашан айрықша құрметке ие. Бүгінде еліміздің әскери қызметшілері Қарулы Күштердің әлеуетін арттыруға және мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, ел тыныштығын қорғауға лайықты үлес қосуда.
Әр ер-азамат – өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні егемен елдің ұландарын тәрбиелеп өсірген барша ата-аналарға зор алғысымды білдіргім келеді!
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
Уважаемые коллеги, друзья!
Сердечно поздравляю вас с праздником 7 мая — Днем защитника Отечества!
Эта знаменательная дата символизирует героизм, мужество, отвагу, патриотизм и имеет важное значение для военно-патриотического воспитания молодого поколения казахстанцев.
Сегодня одним из приоритетов государства является укрепление обороноспособности нашей страны. Для каждого настоящего гражданина защита суверенных интересов Родины является священным долгом.
Пусть процветает наша страна под чистым и мирным небом!
Желаю вам крепкого здоровья, успехов, благополучия вашим семьям.
Құрметпен,
Төраға,
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
Депутаты А. Нұралин