Қоғамдық бірлестік және «Қазпрофметалл «салалық тау-кен металлургиялық кәсіптік одағы» ҚБ коммерциялық емес ұйымы ретінде өз қызметін өз мүшелерінің жеке, ұжымдық, еңбек, кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырады.

Кәсіподақ қызметінің мәні кәсіподақтың және оның құрылымдарының құқықтары мен міндеттерін іске асыру, сондай-ақ кәсіподақ жарғысында, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мақсаттарға қол жеткізуді ұйымдастырушылық қамтамасыз ету болып табылады.

Жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін кәсіподақ өзінің сайланбалы органдары арқылы:

– кәсіподақ ұйымдарының қызметін біріктіреді, бағыттайды және үйлестіреді;

– өз мүшелерінің, кәсіподақ ұйымдарының құқықтарын, мүдделерін мемлекеттік органдарда және жұмыс берушілер алдында, дауларды сотта қарау кезінде сотқа дейінгі реттеуде білдіреді және қорғайды, прокуратура алдында прокурорлық қадағалау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге наразылық білдіру туралы өтініш жасайды;

-Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, Қазақстан Республикасының тау-кен және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығымен келіссөздер жүргізеді және салалық келісім жасасады.

– еңбек заңнамасының сақталуына, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қоғамдық бақылауды ұйымдастырады, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысады, кәсіподақ кадрлары мен активтерін, оның ішінде медиация мәселелері бойынша оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

– «Қазпрофметалл» кәсіподағының Жарғысында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған басқа да функцияларды орындайды.

«Қазпрофметалл» кәсіподағы Қазақстан кәсіподағы Федерациясының мүшелік ұйымы болып табылады, ол: IndustriALL жаһандық одағы (Женева қ.), халықаралық Еуроазиялық Металлистер Федерациясы (Анкара қ.), «Союзметалл» халықаралық кәсіподақтар бірлестігі (МО) (Мәскеу қ.) сияқты халықаралық бірлестіктердің құрамына кіреді;

Әр уақытта кәсіподақ төрағалары:

Әсет Сембекұлы Садырбаев (1966-1986ж. ж.);
Симонов Владимир Павлович (1986-1988жж.);
Болат Ғабдулұлы Чуланов (1988-1995ж.ж.);
Шуменов Қайдаул Жолжанұлы (1995-2010ж. ж.);
Нұралин Асылбек Жамашұлы (2010-қазіргі уақытқа дейін).